Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы басшылығынан кетті

Бұрынғы президент өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған


28/04/2021
16:46 43712 0

Фото: inform.kz

 

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы басшылығынан кетіп, өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Мұны «ҚазАқапарт» хабарлады

 

«Маған Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы лауазымын өмір бойы атқару құқығы берілген. Мен сізбен әрқашан бірге боламын. Дегенмен, ассамблеяны басқаруға қатысты бірқатар құзірет еліміздің президентіне жүктелген. Тіпті, бұл да маңызды емес. Қазақстан халқы ассамблеясы тірек ретінде іс басындағы президенттің жанында тұруға тиіс. Екіншіден, мемлекет басшысы да ассамблеяға арқа сүйейді. Сондықтан ассамблеяны басқару құқығымды президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берем деп шештім» — деген экс-президент бүгін өтіп жатқан ассамблея сессиясында. 

 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңына сай, Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойы басқара алады.

 

Қазақстан халқы ассамблеясы деген не орган өзі, нақты немен айналысып отыр? Бізден біліңіз.

Поделиться

Нет комментариев.

28/04/2021 16:46
43712 0

Уведомление